top of page

Оқу құралын сынақтан өткізу!

            Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында  арнайы пәндерді оқыту барысында  мемлекеттік тілде білім алушылар үшін оқу әдебиетінің тапшы екені бәрімізге мәлім. Көптеген әдебиеттер орыс тілінде болғандықтан, оқытушылар мүмкіндігінше қазақ тіліне аударады. Ал аударма кезінде мәтіннің мағынасы өзгеріп,  түпнұсқаға толық  сәйкес келмейтіндігін білеміз. Егер оқу құралдары мемлекеттік тілде  шығарылған жағдайда, ол әрине оқытушылардың жұмысын жеңілдетер еді. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 2014 жылғы 16 қазанындағы №430 «2014-2015 оқу жылына ҚР техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне арнайы пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендерін, оқу құралдарын, оқу-әдістемелік  құралдарын, оқу әдебиетін сынақтан өткізу туралы» бұйрығын орындау мақсатында Ақтөбе Мұнай жән Газ колледжіне 0819000 «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша «Табиғи және жасанды газдар» оқу құралын және «Экономика негіздері» оқу-әдістемелік кешенін сынақтан өткізу тапсырылды. Ең алғаш кезде осы мәселе бойынша бірқатар қиындықтар туындады. Атап айтсақ, оқу құралын  сынақтан өткізудің әдістемелік нұсқаулықтары болған жоқ. Колледж директоры Р.М.Капшаевтың ұсынысы бойынша осы мәселеге байланысты «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиал директоры Б.С.Абдрахманова семинар өткізді. (фото) Семинарға колледж әдіскерлері және арнайы пән оқытушылары қатысты. Балзипа Сағидоллақызы семинарға қатысушыларға оқу құралын сынақтан өткізу тәртібі туралы баяндады. Яғни, оқу құралын құрылымы жағынан және мазмұны бойынша мамандықтың сипаттамасына, білім алушылардың білім деңгейлеріне қойылып отырған стандарттық талаптарға   сәйкес келетіндігін  анықтау. Осыған байланысты оқу құралын сынақтан өткізу жөнінде жұмыс тобын құру туралы бұйрық шығарылды.  «Табиғи және жасанды газдар» оқу құралын сынақтан өткізу мақсатында төмендегі оқытушылардың құрамынан жұмыс тобы құрылды: Тогузбаева Л.Ш. – жұмыс тобының жетекшісі, Елемесова Ф.Б., Золотарева М.Е., Ажиева Д.О.,Жакупова С.Т., Куаншалиева Ш.К. Ал «Экономика негіздері» оқу-әдістемелік кешенін сынақтан өткізу мақсатында төмендегі оқытушылардың құрамынан жұмыс тобы құрылды: Жетешова Б.А. -  жұмыс тобының жетекшісі, Жакбарова Г.С., Казмагамбетова М.С., Казмагамбетова Р.Т., Уразбекова Г. (фото) Сонымен қатар, аталған оқу құралдарын сынақтан өткізудің кестесі жасалды. Кестеге сәйкес «Табиғи және жасанды газдар» оқу құралын сынақтан өткізу қараша-сәуір айлары аралығында, ал «Экономика негіздері» оқу-әдістемелік кешені ақпан-наурыз аралығында өткізіледі. «Табиғи және жасанды газдар» оқу құралын сынақтан өткізу қараша айында басталды. Арнайы пән оқытушылары оқу құралының атауынан бастап, оның типтік оқу бағдарламасына сәйкес келетіндігін, жазылған материалды тұжырымдауға және оны қолдануға қойылатын педагогика-психолгиялық талаптарының сақталу деңгейін, жіберілген жетіспеушіліктер мен ауытқуларды, ұқсас әдебиеттерден ерекшелігін  қарастыруда. Оқытушылар оқу құралын сабақта білім алушылармен бірлесе талқылайды. Оқу жылының соңында сарапшы оқытушылардың атқарған жұмысы бойынша қорытынды жасалады.  Алдағы уақытта арнайы пән оқытушыларына оқу құралы мен оқу-әдстемелік кешенін сынақтан өткізуде сәттілік тілейміз.

 

Оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Қайырханова Ғ.И.

bottom of page