Білім мен тәрбие басты назарда!
Ақтөбе Мұнай және Газ колледжінің тәрбие ісі жөніндегі бөлімі колледждің оқу жылына арналған жалпы жоспарына сәйкес жұмыс жасайды. Колледжде 50 топ, оның 16 тобы қазақ, 34 тобы орыс тілінде дәріс алады. 396 оқушы камілет жасқа толмаған.
Тәрбие бөлімінің құрамына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәрбие ісі жөніндегі әдіскері, психолог, жастар ісі жөніндегі комитет, дене тәрбиесі және спорт, алғашқы әскери дайындық, көркемдік жетекші, суретші, медициналық қызмет орталығы кіреді.
Жаңа оқу жылында жалпы колледжішілік жоспарға сай топ кураторлары бекітіліп, әр білім алушының әлеуметтік-педагогикалық жағдайы анықталып, жеке жұмыстар жүргізіледі. Колледж қабырғасында 2014-2015 оқу жылында атаулы мерекелерге байланысты Білім күні және 20х40 шаршы аудандағы екі мини- футбол алаңының салтанатты ашылуы, «Белсенді өмір – жүз жастық, ұзақ ғұмыр!» ұранымен Денсаулық фестивалі-2014, студенттер арасында «Күз кереметі» атты күзгі балл сайысы, «Естен кетпес студенттік өмір-ай ...» атты Студенттер күніне арналған мерекелік шара,Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне байланысты колледж білім алушылары арасында көңілді сайыс, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты тақырыбында тәрбие сағаттары, Тәуелсіздік күніне байланысты «Ар-намысым мақтанышым, қасіретім – Желтоқсан!» атты дөңгелек үстел, пікір талас іс -шаралары өткізілді. Әр топ ішінен белсенді білім алушылар, әлеуметтік жағдайы төмен студенттер, ата-анасының қарауынсыз қалған балалар, мүгедектер, жетімдер, тәуекел тобының білім алушылары анықталды.
Алға балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Ақтөбе Мұнай және Газ колледжі, сонымен қатар оның серіктестіктері көмек көрсетіп, ақысыз білім беруде.
Колледж әкімшілігінен мүгедек пен жетім білім алушыларға жеңілдіктер қарастырылған.
Тәрбие жұмысы ұйымдастыру жұмыстары, ақыл-ой мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, қиын тәрбиедегі студенттермен жұмыс, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық және патриоттық тәрбие, эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық тәрбие, мәдени-көпшілік тәрбие, спорттық-көпшілік шара бөлімдерінен тұрады. Әр сала белгіленген жоспарға сай жұмыс жасалынады.
Білім алушыларға әрдайым медициналық қызмет көрсетіліп тұрады. Медициналық байқау, әскерге дейінгі азаматтарды шақыру алдын ала жасалған кесте бойынша өткізіледі.
Мерекелерге орай колледждің мәжіліс залында білім алушылар арасында концерттік бағдарламалар, КТК қойылымы, билер, сайыстар үнемі өткізіліп отырады.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»» атты дәстүрлі жолдауын жариялады. Осыған байланысты колледжде экологиялық тәрбиені жоспарлау мен ұйымдастырылуда Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы», «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасы, «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заң басты назарда. Осыған байланысты «Таза бейсенбі» атты іс-шара, колледж территориясын көгалдандыру, куратор сағаттары ұйымдастырылады.
Студенттердің бос уақытын тиімді, қолайлы пайдалану мақсатында колледж С.Жиенбаев атындағы облыстық кітапханасымен, Т.Ахтанов атындағы облыстық театрымен, қалалық филармониямен, қоғамдық бірлестіктермен, волонтерлік қозғалысты ұйымдастырып игілікті іс тындыруда. 2014 жылдың 18 қыркүйегінде Республикалық «Жайдарман», «Жайдарлы жас ұлан» топтарына арналған оқыту семинарларына қатысқаны үшін «Керемет» КТК командасына «Жайдарман» сертификаты берілді.
Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Куанышалиева Р.К.