top of page

«Сапалы білім – білікті маман»!

     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан  халқына «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауында «Бізде  мемлекеттік – жекеменшік әріптестігінің зор әлеуеті бар. Кәсіптік және техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономиканың қажеттіліктерімен өзара байланыстырылуы керек» делінген.

      Кәсіптік білім берудің сапасын одан әрі жақсарту және олардың кәсіби даярлығын жетілдіру ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлаудың негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

       Кәсіптік және техникалық білім беруді дамыту, білім беруді дүниежүзілік стандарттарға сәйкестендіру өте маңызды мәселе, өйткені, ішкі еңбек нарығы жаңа ақпараттық технологиялармен қаруланған кәсіптік және техникалық білімі бар өз кадрларымызбен қамтамасыз етуді талап етуде.

        Ақтөбе Мұнай және Газ колледжіне тәрбие мен білім саласына басшылық жасап келе жатқан директорымыз Капшаев Рыскелді Мұхамеджанұлы балалар мен жасөспірімдердің заман талабына сай өсіп жетілуі үшін сан-салалы жұмыстар атқаруда. Білім берудің түрлі деңгейлерінің қазіргі біліктерін ұлттық және халықаралық еңбек нарығында танылған біліктердің көпдеңгейлі жүйесіне бірігу шараларын  жүзеге асырып келеді.

         Колледждің «Ақпараттық технологиялар және экология» бөлімінің әдістемелік мәселесі: «Оқытудың дуалдық жүйесіне ауысу жағдайында оқытушылардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру». Бөлімде жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды. Бөлім материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген. Педагогикалық ұжым білім алушылардың өмірде өз орнын табуға, шығармашылық өзін-өзі жетілдіруіне, білім берудің сапасын арттыруға қолайлы жағдай жасауға тырысады. Сонымен қатар, бөлімдегі оқу топтарында психологиялық жағдайды жақсартуға, педагогикалық қызметкерлердің кәсіптік құзыреттілігінің деңгейін жоғарлатуға, жаңа оқыту бағдарламалары мен технологияларды қолдануға тиімді жағдай жасалуда.

     «АТ ж Э» бөлімі төменде көрсетілген қажетті құжаттармен қамтамасыз етілген:

  • Бөлім оқытушысының оқу-әдістемелік және тәрбиелік жұмысы

  • Бөлімнің бағыт-бағдар жұмыстары

  • Оқу-тәрбиелік және ұйымдастыру басқармаларының жұмысы

  • Оқу жоспары мен бағдарламаларының орындалуын қадағалау

  • Оқушының сабаққа қатысымы мен үлгерімін қадағалау

  • Оқушының курстық жұмыс және дипломдық жобаны құрған кезеңін бақылау және т.б

       Колледжіміздің табысқа жетіп жандануы, алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі атануы, әрі қарай дамуы, кәсіби мамандарды оқыту мен даярлауда   ұзақ жылдар бойы еңбегін сіңіріп, шығармашылық күш-жігерін сарп етіп келе жатқан адамдарға байланысты. Олар көп жылдар бойы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда аянбай тер төгуде.

        Оқытушылардың негізгі құрамы жас, педагогикалық өтілі 5 жыл және одан жоғары. Колледждің «Ақпараттық технологиялар және экология» бөлімінің көп жылдан бері кәсіптік  білім беруде ыстығына күйіп, суығына тоңып, бар қиындығы мен қызығын көріп келе жатқан 13 оқытушысы бар. Олардың ішінде Умирзакова Светлана Сагындыковна – 20 жыл педагогикалық өтілі бар, жоғары категориялы, арнайы пәндер оқытушысы. Тогузбаева Лаура Шаденовна – 27 жыл педагогикалық өтілі бар, 1-ші санатты, арнайы пәндер оқытушысы. Ыбыраева Айнагүл Науқанбайқызы – 24 жыл педагогикалық өтілі бар, 1-ші санатты, арнайы пәндер оқытушысы. Жакупова Санимгул Темирбековна – 18 жыл педагогикалық өтілі бар, жоғары категориялы, арнайы пәндер оқытушысы.

          Сапалы білім беру, ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу бөлім оқытушыларының басты міндеті. Соның нәтижесін колледжімізде өткен ТБС-нан (Тәуелсіз Баға Сапасы (НОК) көруге болады. «Ақпараттық технологиялар мен экология» бөлімінің оқушылары 100 %  ТБС-нан сүрінбей өтіп, жоғары нәтиже көрсетіп, өзі таңдаған мамандықтарының біліктілігін қорғап шықты.

        Қазіргі таңда «Ақпараттық технологиялар және экология» бөлімі 5 мамандық бойынша мамандар дайындайды:

  • 0515000 – «Менеджмент»

  • 0518000 – «Есеп және аудит»

  • 1304000 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

  • 1305000 – «Ақпараттық технологиялар»

  • 1514000 – «Экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану»

 

       Бөлім мен бөлім оқытушыларының осы оқу жылына қойылған мақсаттары жүзеге асырылады деп ойлаймын. Бөлім оқытушылары қызметінің басым бағыты кәсіби бағдар беру жұмысы екені сөзсіз.

       Осы сәтті пайдалана отырып, «Ақпараттық технологиялар және экология» бөлім оқытушылары барлық педагогикалық ұжымды колледжіміздің 15-жылдық мерейтойымен құттықтайды. Алдағы уақытта жемісті еңбек, шығармашылық табыс, талмас талап тілейді.

 

«Ақпараттық технологиялар және экология»

бөлімінің меңгерушісі Казмагамбетова М.С

bottom of page